Кәсіпкерлік саласындағы жұмыс туралы кездесу

Кәсіпкерлік саласындағы жұмыс туралы кездесу

Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев, Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Серік Әубәкіров ауданның жеке кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында Талғат Айтпайұлы облысымызда кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті.

Кездесу "ашық диалог" форматында өтіп, көптеген кәсіпкерлер өз сауалдарын қойды.