Қоғамдық-әлеуметтік мәселелері талқыланды

Қоғамдық-әлеуметтік мәселелері талқыланды

2022 жылғы 19 қыркүйекте Павлодар облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының м.а. Тауасқан Медет Алпысбайұлы, облыстық мәслихат депутаты, мемлекеттік "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағы, Павладар облыстық филиалының директоры Жарқынбек Амантай, "Найзатас" журналының редакторы, ақын Асыл Әбіш, облыстық                       С. Торайғыров атындағы орталық кітапхананың бөлім басшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, сатирик Алпысбай Әбділұлы қатарлы руханият саласының қызметкерлері Май ауданынына арнайы ат басын бұрып, қоғамдық-әлеуметтік мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті.

Сондай-ақ, облыс орталығынан келген меймандарымыз Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларымен арнайы кездесіп, қазақ тілін меңгеру, дамыту, құрметтеу  жөнінде ашық диалог құрды.