Балалар-біздің болашағымыз. Бірақ, біз балалардың өмірі қуанышқа толы және бақытты болғанын, оларға қауіп төнбегені туралы жиі ойланамыз ба? Өкінішке орай, бұл туралы бәрі естен шығарды. Ата-аналардың есінен шықпауы тиіс бұл пәле себептерінің бірі – балалардың отпен ойнауы. Нәтижесінде өрт жеке меншікке зиян әкеледі және азаматтардың өміріне қауіп төндіреді. Неліктен солай болады? Бұл көбінесе ересектердің өзінен болады. Қараусыз үйде жалғыз қалған жасөспірімдер рұқсат етілмеген ойындар мен істерін көбінесе сіріңке сияқты қауіпті әзілдерін қызықтырып ойнайды, сонда олар отпен болған мұндай ойынның ауыр салдарын білмейді. Мұндай жағдайлар ата-аналар балаларға қол жетімді орындарда сіріңкені, тұтағышты алып тастауды ұмытқанда, сөнбеген электр құрылғыларын, жанып жатқан пешті қараусыз қалдырғанда болады. Ата-аналар кейде балаларының отқа деген үлкен ермектерінің барын ұмытатын жағдайлар болады, кейбір ата-ана баласының көзінше сіріңкені ойынға айналдырады. Кей кезде оқушылар аулаларда алау жандырып ойнайды. Жасөспірімдердің бұл ойыны зиянды – саналы іс-әрекеттің нәтижесі. Нәтижесінде құбырлардың жылу изоляциясы тұтанып, лифт шахталарында қоқыс жанады. Өкінішке орай, мұндай жағдайлар бірегей емес. Үйде де, мектепте де балаларға өрттің зияндылығы мен шығыны туралы түсіндірме жұмыстарын өткізіп отыру қажет. Оқушылардың тәрбие нысаны мен әдістері, мемлекеттік және жеке мүліктің сақталуына салқын қарамауы әр түрлі жағдай. Барлық мектептерде төменгі сынып оқушылардың қатысуымен біріншіден бұл тақырыпқа диктант, шығарма, викториналар өткізіп, арнайы видео фильмдерді көрсету қажет. Әрбір мектепте жастар арасында ерікті өрт сөндірушілер жасағын құру керек. Біріншіден, өз балаларыңыздың өрт кезінде бұл ережелерге көңіл аударуын бақылаңыз:үйде немесе пәтерде қалмау керек, шкафтарда, қоймаларда, төсек астында тығылуға болмайды; өртті өздігінен сөндіруге талпынбауға; мүлікті сақтай отырып өмірін тәуекелге қоймауға; терезе мен есіктерді айқара ашпауға; су құбырларымен, жіппен түспеуге; жоғары қабаттағы терезеден секірмеуге; егер өрт пәтер сыртында болса, түтін басқан баспалдақпен шықпауға; лифтті пайдаланбауға.
Әрбір бала өрт сөндірушілерді шақыра алатын «101» және «112» телефон нөмірлерін білуі тиіс. Ең бастысы, Сіздің бүлдіршін жастағы балаларыңыз білуі тиіс: өрт қауіпсіздігінің қатаң ережелерін, отпен ойнауда әкелетін салдарлардың болдырмауын. Бұл әрбір отбасының міндеті мен парызы.
Май ауданының ТЖБ