2022 жылғы 21 маусымда Май ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Павлодар облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ш.А. Ағжанбаев пен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасы басшысының орынбасары С.Ж. Муслимовтың ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшыларымен, ауыл және ауылдық округ әкімдерімен және осы мемлекеттік органдардың мамандарымен кездесуі өтті

Кеңесті аудан әкімі А.Қ. Әмірин ашып, осы кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңнамасын, Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі аспектілерін түсіндіру, сондай-ақ үлгілік базалық бағыттағы 4 жобаны іске асыру болып табылатынын түсіндірді.

Павлодар облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Шыңғыс Аманбекұлы Ағжанбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңының нормаларын түсіндірді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасы басшысының орынбасары Серік Жұмабайұлы Муслимов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының нормаларын, Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі аспектілерін және жобаны іске асыру туралы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл»  үлгілік базалық бағыт 4 туралы айтып өтті.

Кездесу соңында сөз сөйлеушілер барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді.