Хабарлама Май ауданының ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

Хабарлама Май ауданының ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

2022 жылғы 19 мамыр күні  жергілікті уақыт бойынша сағат  18.00-де Май ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "2022 жылғы 29 мамыр күні тағайындалған  Баскөл  ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" қаулы қабылданды.
         Сайлау комиссиясының төрағасы Кишкеналина Марина Валиевна Май ауданының ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндама жасады. Ол 2022 жылғы 19 мамыр күні сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Май ауданының сайлау комиссиясы Май ауданының Баскөл  ауылдық округі әкімдігіне ұсынылған үш  кандидат,  үшеуінің тіркелгенін хабарлады.
         Тіркелгендер қатарында: (100%)  ер адам.

Мамандықтар бойынша: 2 (67%) кандадат– бас маман, 1 (33%) кандидат – меңгеруші.

Үміткерлер арасында: екеуі мемлекеттік қызметкер, біреуі бюджеттік мекемесінің  қызметкері.


         2022 жылғы 19 мамыр күні сағат 18.00-ден бастап Май ауданының Баскөл ауылдық округі әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 27 мамыр күні сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
         Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ - та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.