Үйді өрттен сақтаңыздар!

Үйді өрттен сақтаңыздар!

Өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар!

- үй-жайда оңай жанғыш материалдарды сақтамаңыздар, өрттің пайда болу көздерін балалардың қолы жетпес жерде сақтаңыздар;

- дәліздерде, баспалдақ алаңыңда және шатырда үлкен заттар болмау керек, шығу есіктері оңай және тез ашылуы тиіс;

- жарамсыз және қолдан жасалған электр құралдарын пайдаламаңыздар;

- жабық түріндегі өрттің пайда болу көздерін қолдаңыздар;

- үй заттары мен мүлікті қыздыратын және қыздырғыш құралдардан 1,5 м- ден кем емес қашықтықта орналастырыңыз;

- үй іші мен алаңың қоқыстар мен артық заттардан тазартыңыз;

- өрт сөндірудің қара пайын зат - құралдарын үйде ұстаңыздар (тығыз мата, су, құм, автокөлікті ұнтақты өрт сөндіргіші);

- ескеріңіз, үйде темекі шегу – өрттің болу себебі болып табылады!

Өрт шарттарында амалын тауып әрекетеңіз!

Есте сақтаңыздар! Өрт жоғары температурасымен, түтіндеуімен, көміртек тотығы концентрациясымен, құрылыс пен ғимараттың сынуы мен құлауымен қауіпті.

- «101» телефонына хабарласып, мекен-жайын айтыңыз, көршілеріңізге хабар беріңіз;

- шағын өрт ошағын сөндіруге тырысыңыз: оған су құйыңыз немесе сулы ауыр матамен жабыңыз, жанғыш сұйықтарға құм, топырақ себіңіз, өртсөндіргішті қолдаңыз;

- электр құралдарының жануы және оқшаулануы кезінде өртті тек тоқ беруді тоқтатқаннан кейін ғана сөндіріңіз;

- егер де тілсіз жауды сөндіру қолдан шықпаса, онда тез ғимараттан шығыңыз, балалар мен қарттарға көмек көрсетіп;

- жанған ғимаратта бастан бастап сулы матамен (киіммен) жамылып жүріңіз, түтінде – өрмелеп немесе бүгіліп жылжыңыз;

- оттың тұтанбауы үшін түтіндеген (жанған) ғимараттың есігін абайлап ашыңыз;

- егер киіміңіз жанып қалса, жүгірмеңіз, от жалының ұрып сөндіріңіз (жерде домаланып, тығыз матаны жауып);

- өрт ошағында адамдарды іздеген кезде дыбыс беріңіз, есте сақтаңыздар – балалар қорқыныштан кереует астында, шкафта, бұрышта және басқа да жерлерде тығылады.

 

Май ауданының ТЖБ