Абайлаңыз, үйде газ!

Абайлаңыз, үйде газ!

Статистика бойынша өрттер тұрғын үйлерде жиі болады. Өрттің негізгі себептері тұрмыстық электраспаптарды дұрыс пайдаланбаудан, төсекте темекі шегуден болады. Зақымданған электр сымдары, жанғыш сұйықтықтармен, тұрмыстық химияның басқа да заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау, сондай-ақ балалардың отпен ойнауы қауіп төндіруі мүмкін.

Көптеген өрттер тұрмыстық газ аспаптарын дұрыс пайдаланбаудан  туындайды. Үйде тұрмыстық газ-әдеттегі құбылыс. Тұрмыста қолданылатын газ жарылысқа қауіпті екенін ұмытпау керек,  оның жоғары концентрациясы мен отпен ұқыпсыз қарым-қатынас ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.

Газ аспаптарын пайдалану кезінде олардың қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар газ аспаптарын бақылаусыз қалдырмаңыз, газ плитасының үстіне іш киімді кептіріңіз. Газ плиталарында мастика, лактар, бояуларды жылыту қауіпті, өйткені бұл жағдайда олар қайнап, тұтануы мүмкін. Балалар мен жасөспірімдерге газ аспаптарын пайдалануға рұқсат бермеңіз, редукторды арнайы тығыздағыш резинкасыз орнатпаңыз, газ ағуын ашық отпен тексермеңіз осы мақсатта сабын эмульсиясын қолдану керек. Газ аспаптарын пайдалануды тоқтатқаннан кейін, аспаптар мен газ құбырын жабу керек. Газ аспаптарын жөндеу және қайта орнату жұмыстарды жүргізу, лицензиясы бар  арнайы  қызметтерге  ғана  айналысуға  рұқсат етіледі. Газдың майлы иісі анықталғанда, бұл туралы дереу авариялық қызметке хабарлаңыз. Мұндай жағдайларда ашық отты пайдалану, электр жарығын қосу, электр құралдарын пайдалануға болмайды, бөлмені міндетті түрде желдету қажет.

Үй мен пәтерлердегі газ аспаптарының сақталуы мен жарамды жай-күйін, жеке меншік құқығындағы үй иесі жауап береді. Газ приталарымен қауіпсіз қолдануына және олардын дұрыс күйінде ұстауына газбен қолданған адам жауапты.

 

 

Май ауданының ТЖБ