Өртті сөндіргеннен, оның алдын алу жеңілдірек екендігі баршамызға мәлім. Бұл пайымдау, әсіресе, тұтынушыларға тоқыма, құрылыс-өңдеу материалдары мен өндірістік тауарларды көп сататын, қолданатын немесе сақтайтын объектілерге сай келеді. Өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтамаған жағдайда,барлық айтылмаш материалдар үлкен жанғыш қуатымен ірі өртке әкеп соқтыру қауіп-қатерін төндіреді. Сауда объектілері қауіпсіздігінің бірнеше негізгі талаптары:
- қоймаларда жанатын тауарларды, әсіресе жанғыш сұйықтықтарды (лактар, бояулар) сақтау бойынша ерекше талаптар;
- электр сымдары мен электр-техникалық құрылғылардың жарамды жағдайы;
- өрт туралы хабарландыру жүйесінің, өрттерді сөндіру мен (немесе) автоматтық табу құралдарының болуы жәнеолардың жарамды жағдайы;
- алғашқы өрт сөндіру құралдырының болуы мен жарамды жағдайы;
- эвакуациялау есіктері мен эвакуациялау жолдарының болуы мен олардың өртке қарсы нормаларға сәйкес келуі;
- ғимараттардақабырғалар мен төбелерді өңдеу үшін жанбайтын өңдеу материалдардықолдану;
- қойма бөлмелерінің стеллаждары мен ғимаратының ағаш конструкцияларын оттан қорғайтын өңдеуден өткізу;
- жылыту құрылғыларының жарамды жағдайы;
- қызметкерлермен өрттер пайда болған жағдайда және өрттерге жол бермеу үшін дұрыс іс-әрекеттерге үйрету, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану шеберлігіне оқыту нұсқауларын жүргізу;
- өрт сөндіру гидранттары немесе өрт сөндіру су айдындарының орналасу орындарыбелгілерінің болуы.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған кезде, сондай-ақ жылыту маусымының қарсаңында жылына бір реттен кем емес отжағушыларға арналған арнайы журналда қол қоюмен өртке қарсы нұсқама жүргізіледі. Барлық қызметкерлер өрт қауіпсіздігінің ережелерін, өрт пайда болған кездегі іс-әрекеттерді және алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдана білуі қажет.
Май ауданының ТЖБ