Аудандағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Аудандағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Құрметті жерлестер, достар, әріптестер!
Өкінішке орай, біздің аудан қызыл аймақта және аудан тұрғындары арасында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. Бүгінгі таңда 123 адам COVID-19 жұқтырған, өкінішке орай, олардың 31-і бала, 3-і жүкті әйел және біреуі - жуырда босанған.
Өңірдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай аясында мен тұрғындарды барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтауға және вакцинациядан/ревакцинациядан өтуге шақырамын, сонымен қатар мектеп оқушыларына екпе егуді сұраймын. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз.