Инвестициялық жоба отырысы

Инвестициялық жоба отырысы

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында «The Gumagul LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инвестициялық жобасын одан әрі дамыту бойынша аудан әкімі А.Әміриннің төралығымен жұмыс кеңесі өткізілді. Бұл кәсіпорын 2020 жылдың тамыз айында құрылған және өсімдік пен мал шаруашылығымен айналысады. Осы уақыт ішінде бір млрд. теңгеден астам инвестиция салынды, 500 – ден астам жылқы басы, 266 – ІҚМ және 930-дан астам ұсақ мал әкелінді. Қазіргі уақытта Қаратеке ауылдық округінің ауыл құраушы кәсіпорны болып табылады. Сондай-ақ, кәсіпорын өз қаражаты есебінен 8 пәтерлі 2 қабатты үйді қалпына келтіруде. Серіктестіктің қойған барлық сұрақтары бойынша нақты тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынды.