14 қаңтар Май ауданының әкімі Ағыбай Әмірин аудандық ішкі істер бөліміндегі полиция қызметкерлерімен жүздесіп, еліміздегі орын алған төтенше жағдай кезінде, облыс өңірінде халықтың қауіпсіздігін күзеткен тәртіп сақшыларына облыс әкімінің атынан және өз атынан шексіз алғысын білдірді.
Сонымен бірге, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қанат Уәлиев қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Павлодар облысының Полиция департаменті бастығының грамотасымен бірқатар қызметкерлерді марапаттады.