Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында аудан әкімі А.Әмірин және мониторинг топ мүшелерімен облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың тапсырмасы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу мақсатында сауда нысандарына барды. Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы рұқсат етілген шектікте және өсуге жол берілген жоқ. 2021 жылы Май ауданы бойынша 5 дүкен «Павлодар» ӘКК» акционерлік қоғамының Тұрақтандыру қорымен серіктес ретінде шарт жасасып, олар 121,8 тн өнім алып сатты. 2022 жылға Тұрақты қорымен 9 кәсіпкер бойынша шарт жасасуға тиісті құжаттар жолданды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағаларының мониторингі тұрақты негізде жүргізілетін болады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның негізсіз өсу мәселесі аудан басшылығының жеке бақылауында.
Бағаның негізсіз өсуіне байланысты сұрақтар бойынша: 91-1-07, 91-3-80 телефондарына, +77473708518 WhatsApp: нөміріне, сондай-ақ Инстаграмда «agybai_amirin» парақшасына хабарласуларыңызды сұраймыз.