Құрметті Май ауданы мал шаруашылығы саласының кәсіпкерлері!
Облыс әкімімен ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басына жем-шөптің құнын арзандату үшін субсидия бөлу туралы шешім қабылданды. Субсидияны алу шарты белгіленген: міндетті түрде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде аналық мал басы деректерінің тіркелуі және сәйкес келуі, ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру, өзінің аналық басының болуы, оның ішінде ірі қара мал 1-ден 200 (екі жүз) басқа дейін, қой 1-ден 2000 (екі мың) басқа дейін болуы (көрсетілген бастан артық болмауы тиіс) және жайылымдардың болу қажет.
Өтінімді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы subsidy.plem.kz ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін жолдауға болады.