Бүгін, 24 қараша күні Май ауданының «Nur Otan» партиясы филиалының XXХIV -ші кезектен тыс конференциясы өтті. Аталған шараға 35 делегат қатысты. Конференция күн тәртібіне Май ауданының Ақшиман ауылдық округ әкімінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан кандидат ұсыну болды.
Конференцияның шешімімен Қайырғалы Бекенұлы Бақауовтың кандидатурасы бекітілді.