Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында "Павлодар қаласы мен Павлодар облысының Ауған соғысы және оқшау соғыстар" ардагерлерімен ұйымдастырылған автошеру Май ауданына келді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және жас буынның патриоттық санасын қалыптастыру шеңберінде, «Павлодар қаласы мен Павлодар облысының Ауған соғысы және оқшау соғыстарының ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстың қалалары мен аудандары бойынша автошеру өткізілуде. Бүгін, 14 қазанда, автошеруге қатысушылар Май ауданына келіп, Көктөбе ауылының Жеңіс саябағында гүл шоқтарын қойып, аудан жастарына өз тілектерін білдірді.