Аудан орталығында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Аудан орталығында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

16 қазан күні аудан орталығында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Алты ауылдық округтің шаруалары өздері шығарған ауылшаруашылық өнімдерін аудан халқына тиімді бағада ұсынды.
Жәрмеңкеде жергілікті ауыл шаруашылығы тауарлары өзге сауда орындарынан 20 пайызға арзандатылған бағамен саудаға қойылды. Павлодар облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес ауылшаруашылық жәрмеңкелері жылдың соңына дейін ұйымдастырылатын болады.