Облыс әкімінің орынбасары М. О. Өтешев жұмыс сапарымен Май ауданына барды

Облыс әкімінің орынбасары М. О. Өтешев жұмыс сапарымен Май ауданына барды

15 қазанда Май ауданына жұмыс сапарымен облыс әкімінің орынбасары М.О. Өтешев келді. Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары ірі инвестициялық жобалардың, соның ішінде "My Feedlot", "My Агро" ЖШС-нде іске асырылып жатқан суармалы жерлерді игеру мен оны ауыл шаруашылығына пайдалану жобаларымен танысты. Қаратерек ауылында «Достық-PV» ЖШС-да егін сақтау орнында болып, биылғы егін жинау науқанымен танысу өтті. Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары облыс бойынша етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал тасымалдаушы "Агро Экспорт Павлодар" ЖШС-нің жұмысымен танысты. Сондай - ақ "Бизнестің жол картасы-2025" мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобалардың іске асырылу барысымен танысты.