ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МАЙ АУДАНЫНДАҒЫ КЕШЕНДІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МАЙ АУДАНЫНДАҒЫ КЕШЕНДІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР.

"Павлодар облысының Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштерін және халқын 2021 жылға арналған төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға дайындау жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына" сәйкес 2021 жылғы 13-15 қазан кезеңінде Май ауданының басқару органдарымен, күштері мен құралдарымен "Табиғи және техногендік төтенше жағдайлар туындаған кездегі басқару органдарының, азаматтық қорғау күштері мен халықтың іс-қимылы" тақырыбы бойынша кешенді оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығудың бірінші күні аудан әкімдігінің акт залында ұйымдардың басшыларымен, АҚ облыстық және аудандық қызметтерінің өкілдерімен, ауылдық округтердің әкімдерімен отырыстан басталды, онда оқу-жаттығуды өткізудің жедел тапсырмасы мен жоспары жеткізілді. Отырыс барысында жедел штаб басқару органдарына "Жоғары дайындық" жұмыс істеу режимінде азаматтық қорғау іс-шараларын орындауға міндеттер қойды. Сондай-ақ, аудандық буын басшы құрамының мақсаты бойынша іс-шараларды орындауға дайындығы туралы баяндамалары тыңдалды. Одан әрі
ауданның азаматтық қорғаныс күштері мен басқару органдарының дайындығы тексеріліп, “Электр беру желісіндегі аварияеы жою кезінде ауданның энергетика. қызметі мен басқару органдарының әрекеттері” тақырыбында арнайы тактикалық оқыту жүргізілді.
Оқу жаттығулар жоспарға сәйкес 13-15 қазан күндері өтеді.