Аудан әкімі ауданның сауда субъектілерінің өкілдерімен арнайы жиын өткізді.

Аудан әкімі ауданның сауда субъектілерінің өкілдерімен арнайы жиын өткізді.

Бүгін аудан әкімі Ағыбай Әмірин ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру және бағаның негізсіз өсуінің алдын алу мақсатында ауданның сауда субъектілерінің өкілдерімен арнайы жиын өткізді.
Кездесуге аудандық прокурор, статистика басқармасы мен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ аудан орталығындағы ірі сауда субъектілерінің басшылары қатысты. Басқосуда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг барысы мен баға өсімін алдын алуға қарсы бағытталған шараларды іске асыру жұмыстары талқыланды. Облыс әкімінің қазан айындағы тапсырмасына сәйкес сауда субъектілеріне қойылған талаптары мен кәсіпкерлер үшін жасалған жағдайлардың тиімді жақтары жан-жақты түсіндірілді. Аудан тұрғындары үшін маңыздысы, сауда орындары басшыларымен өзара түсіністік жағдайында бірлескен шараларды атқару жөнінде нақты шешім қабылданды. Алдағы уақытта барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы ішкі сауда ережелеріне сәйкес үстемақы 15%-дан аспауы керектігі айтылды. Осылайша, сауда үстемесі 15%-дан асқан жағдайда, кәсіпкерлік бөлімі сауда субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес (ҚР ӘҚБтК – нің 204-4 – бабы) сауда үстемесін асыра пайдалану анықталған жағдайда ескерту жасалады, ал бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 75 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.