Аудан әкімі Ағыбай Әмірин аға буын өкілдерімен кездесті.

Аудан әкімі Ағыбай Әмірин аға буын өкілдерімен кездесті.

7 қазан күні аудан әкімі Ағыбай Әмірин ауданымыздың қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі салада еңбек етіп, үлгі өнеге болып жүрген ата-әжелерімізбен кездесті. Кездесу барысында аға буын өкілдері аймақтағы әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық тақырыптарды, сонымен қатар жер мәселесін қозғады. Ашық әңгіме барысында аудан басшысына аға буын өкілдері бірнеше мәселені көтеріп, көкейде жүрген сауалдарын қойды. Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі Ағыбай Әмірин барлық ұсыныстар ескерусіз қалмайтыны, билік пен қоғам бірлесе жұмыс жүргізсе айтарлықтай нәтижеге жетуге болатынын атап өтті. Кездесу соңында аға буын өкілдері кездесуге қатысушыларға алғыстарын білдіріп, атқарылып жатқан жұмыстарында жаңа табыстар мен жетістіктер тілеп, ақ баталарын берді.