Құрметті Май ауданының тұрғындары!
9 қазан күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Көктөбе ауылының Тәуелсіздік алаңында (Қазыбек би және Абылайхан көшелерінің қиылысы) ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңке өткізу барысында ет, жартылай фабрикаттар, консервілер, көкөніс және сүт өнімдері, сондай-ақ тауарлардың басқа да түрлері (шөп және мал азығы) сатылатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңкеге барған кезде санитарлық талаптарды сақтау керек - бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек.
Барлық аудан тұрғындарын азық-түлік жәрмеңкесіне шақырамыз!