Павлодар облысында "Бастау" оқытудың үшінші легі басталды»

Павлодар облысында "Бастау" оқытудың үшінші легі басталды»
Ағымдағы жылдың соңына дейін өңірде оқыту жобасымен 1250 тыңдаушыны қамту жоспарлануда. Бүгінгі таңда Павлодар облысының 700-ден астам тұрғыны "Бастау"жобасы бойынша оқуды сәтті аяқтады. 
Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов жоба өңір тұрғындары арасында аса сұранысқа ие екенін атап өтті. 
"Оқыту онлайн-режимде өтеді. Екі лектің қорытындысы бойынша 763 түлек бағдарламаны сәтті игеріп, бизнес-жоспарлар дайындады. 21 маусымда үшінші лек басталды, оқуға 253 тыңдаушы кірісті.
#Бастау курсын аяқтаған тыңдаушылар арасынан алғашқы екі лекте 73 түлек қаржыландырылды. Оның ішінде 5 адам 23 млн теңге несие алса, 68 адам жалпы сомасы 40 млн теңге болатын 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант алды", - деді Серік Сәдуақасов.
Биыл барлығы бес оқу ағыны өтеді. "Бастау" жобасына қатысуға қатысты барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: Павлодар облысының Кәсіпкерлер Палатасы, 8/7182/660311 ішкі 5511, 5560. Павлодар қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы 8/7182/215480
#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы
#seriksadvakasov
#РПППавлодар