"Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы" анықтаманы бүгінде үйден шықпай-ақ алуға болады

"Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы" анықтаманы бүгінде үйден шықпай-ақ алуға болады

"Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы" анықтаманы алу үшін әрбір қазақстандық ХҚО-ға жүгінген шығар. Бүгінде оны үйден шықпай-ақ алуға болады:

1. Телеграм-бот @kenes1414bot
Көрсетілетін қызметтер > сот жұмысы > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама > смс-тен растау кодын енгізу > анықтама телеграмға хабарламамен келеді

2. EGov mobile мобильді қосымшасы
Қызметтер > жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама > қызметке тапсырыс беру > қол қою > анықтама хабарламаларға түседі

3. Портал арқылы eGov.kz
Қызметтер > жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру > қызметке онлайн тапсырыс беру > қол қою > анықтаманы алу үшін 5-10 минуттан кейін жаңарту