Үйге дейін жеткіземіз

Үйге дейін жеткіземіз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы электрондық портал операторы – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, техпаспорт пен автомобильдің мемлекеттік нөмірлік белгісін қазақстандықтардың үйіне жеткізу қызметін іске қосқан болатын.

Бұған дейін жаңа көлікті онлайн не офлайн түрде қайта тіркеген көлік иесі машинаның тіркеу нөмірі мен техникалық паспортын алу үшін міндетті түрде мамандандырылған ХҚО-ға жүгінетін. Енді курьер қызметіне тапсырыс берушілер қаланың сыртында орналасатын автоХҚО-ға бару үшін уақытын шығындамайтын болады. 

Жаңа автокөлік иесі онлайн сатып алу мәмілесінен кейін egov.kz порталындағы «Көлік және коммуникация» бөлімінде «МТНБ мен техпаспортты жеткізу» электронды қызметіне тапсырыс беруі тиіс. Бұдан әрі жеке деректерді және көлік туралы мәліметтерді (техпаспорт, МТНБ) толтыру қажет, сондай-ақ ең соңында құжаттар жеткізілуі тиіс мекенжай көрсетілуі қажет. Курьер қызметін пайдалану үшін 2240 тг төленеді.

Осы жылдың 1 тоқсанында Павлодар облысының 4 тұрғыны жаңа қызметке тапсырыс берген.