Колл-орталықтың жұмыс кестесі

Колл-орталықтың жұмыс кестесі

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған алдағы мәслихат депутаттарының сайлауына сайлаушылар тізімінің барынша дұрыс болуы мақсатында Май ауданында 2020 жылғы 2 қарашадан бастап Call-орталық өз жұмысын бастайды: 8 (718 38) 91193, 8 (718 38) 91070, - телефондарына хабаласып келесідей ақпарат ала аласыз:

1) сізді сайлаушылар тізіміне енгізу туралы;

2) сіздің сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлау учаскесінің орналасқан жері және дауыс беру күні туралы ақпарат;

3) сайлаушылар тізіміне енгізу негіздері туралы;

4) сайлаушылар тізіміне енгізу, алып тастау немесе түзету әдістері туралы;

5) тіркелген жері бойынша емес дауыс беру нұсқалары туралы.

Call-орталықтың жұмыс кестесі:

дүйсенбі-жұма сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; сенбі сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін.

Май ауданы әкімінің ресми сайтында онлайн-сервис (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/pavlodar-iin-service?lang=ru) іске қосылғанын қосымша хабарлаймыз, ондасіз ЖСН нөмірі бойынша қай сайлау учаскесінде дауыс беретініңізді тексере аласыз. Егер сізде тұрақты тұрғылықты жеріңіз бойынша Май ауданы аумағында тіркелуіңіз болса, бірақ өзіңізді сайлаушылар тізімінен таппасаңыз, өзіңізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін WhatsApp арқылы 8 705 2112157 нөміріне ЖСН жаза аласыз немесе жоғарыда көрсетілген нөмірлер бойынша Call-орталыққа қоңырау шала аласыз.