Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Бұл күндері бүкіл әлемді шарпыған короновирус пандемиясы елімізбен қоса ауданымызға да қауіп төндіріп отыр.
Ауданымызда ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі бойынша 2 адам және инфекцияны жұқтырған адаммен байланыста болған 10 адам тіркелген. Осыған орай аудан бойынша шұғыл шектеу шаралары енгізілді.
Карантиндік талаптардың күшейтілуі – маңызды және қажетті қадам. Ондағы мақсат – біздің азаматтарымызды қауіпті індеттен қорғау.
Қазіргі таңда, әрбір тұрғын елдің қауіпсіздігі үшін жасалып отырған сақтық шараларын сақтаудың маңызына мән беруі тиіс. Дана халқымыз ежелден «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», - деп денсаулыққа ерекше мән берген еді. Қазіргідей қиын жағдайда баршамыз жұқпалы дертке шалдықпас үшін жауапкершілікті күшейтуіміз керек!
Көкірегі ояу, көзі ашық әрбір азамат ел ішінде алып – қашпа сөздің өршуіне емес, көңілде сенім орнауына күш жұмсау қажет. Сақтық шаралары басты назарда болуы тиіс! Әрбір адам жеке бас саулығына өзі жауапты.

Құрметті жерлестер!

Сіздерден мүмкіндігінше мұқият болуларыңызды, бетперде режімін және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп шоғырланған жерлерге барудан бас тартуларыңызды сұраймын.
Індеттің таралуын алдын – алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамын!

Май ауданының әкімі Марат Ақтаев