Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 726 - бабына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Май ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 % - дан 3 % - ға төмендетілсін.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Аудандық
мәслихат төрағасы
|
|
М. Хызыр
|