
Май ауданының әкімдігі Сізді мемлекеттік қызметке өтуге шақырады.
Мемлекеттік қызметке өту үшін Сіздерде жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім болуы тиіс.
Мемлекеттік қызметке кіру үшін Сіздерге Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өту қажет. Тестілеуден өту үшін eqyzmet.gov.kz сайтында тіркеліп немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жазылуға болады.
Тестілеуден өткеннен кейін eqyzmet.gov.kz сайтында «Бос жұмыстар орындары» қойындысында бос лауазымдар тізімін қарап конкурсқа қатысуға болады, сонымен қатар, Май ауданы әкімінің персоналды басқару бөліміне 8(71838)91383 телефон нөмірі арқылы хабарласып немесе келіп сұрақтарыңызды қоюға болады.