Балалар- жасөспірімдер спорт мектебіндегі футбол алаңы мен жүгіру жолының ашылу салтанаты өтті

Балалар- жасөспірімдер спорт мектебіндегі футбол алаңы мен жүгіру жолының ашылу салтанаты өтті

Бүгін, 09 қазан күні, Май ауданының Балалар- жасөспірімдер спорт мектебіндегі футбол алаңы мен жүгіру жолының ашылу салтанаты өтті. Спорт сүйер қауымды қуанышты күнімен аудан әкімі М. Ақтаев құттықтап, жылы лебізін білдірді. 1969 жылы бой көтерген спорт ғимараты футбол алаңы алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп отыр. Қанша чемпионды тәрбиелеген мектептің әлі талай жұлдыздарды жандыратынына кәміл сенемін, - деді өз сөзінде өңір басшысы Марат Қамзаұлы. Барлық талаптарға сай, заманауи нысанды аудан жастарына ұсынған азаматтарға, әкімшілікке алғысын білдірген аудандық мәслихат депутаты, көпжарыс сайысының чемпионы Ботабай Қабыкен Болатұлы барша жиналғандарды құттықтады. Бұл күні жиналған қауым аудан көркемөнерпаздарының ән шашуын қабыл алып, ерекше көңіл-күймен тарасты.