ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

2025 жылғы 22 қыркүйекте «Асыл заман» ҚҚ Май ауданының тұрғындарын сағат 10:00-де Көктөбе ауылы Абылайхан көшесі 33 мекенжайында орналасқан «Аманат» партиясының Май аудандық филиалының ғимратында тегін заңгерлік кеңес алуға шақырады. Аталған кездесуге мынадай құрылымдар қатысады: Павлодар облысының Әділет департаменті, жеке сот орындаушысы, заңгер, адвокат, Май ауданының полиция бөлімі, Май ауданы прокуратурасының қызметкерлері, Павлодар облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті.

Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Асыл заман» ҚҚ Павлодар облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментімен бірлесіп, облыстың қала және аудандарына көшпелі мобильді заңгерлік топ ұйымдастырады.