Сіздерді жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуымен – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн - білімнің, үміттің, жаңа мүмкіндіктер мен биік мақсаттардың күні. Мемлекеттік басшысы атап өткендей, еліміздің болашағы - білімді, еңбекқор, отансүйгіш жас ұрпақтың қолында. Сондықтан мектеп - тек білім беретін орын ғана емес, адалдық пен мейірімнің, патриоттық пен жауапкершіліктің мекені болуы тиіс.
Биыл біз үшін айрықша маңыздыы жыл. Өйткені, Тәуелсіз Қазақстанның тұғырын бекіткен басты құндылығы - Конституцияны қабылдағанына 30 жыл толып отыр. Бұл мерейтой жас ұрпаққа құқық пен бостандықты құрметтеуді, ел бірлігін бағалауды, заңға адал болуды үйретудің ерекше сәті болмақ.
Жаңа оқу жылы баршаңызға жаңа жетістіктер, зор табыстар әкелсін!
Білім күні құтты болсын!
Аудан әкімі К.Сатиев