Аудындық мәдениет үйінде ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс-шара өтті.
Абай - қазақ халқының рухани байлығы мен даналығының символы. Оның шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болды, ал философиялық идеялары халықтың рухани дамуына терең әсер етті. Абай білімге, прогреске және бірлікке деген сүйіспеншілікті насихаттады. Оның «Қара сөздері» сияқты еңбектері бүгінгі күнге дейін өзекті болып, жаңа буындарды шындық пен үйлесімділікке ұмтылуға шабыттандырады.
Шарада ерекше сәттердің бірі ретінде Абайдың жиен шөбересі, Баймағамбетова Ләйлә апайдың Май халқына жолдаған бейнеқұттықтауы болды. Бұл сәт қатысушыларға терең әсер қалдырды.
Кешіміз мәдениет және ойын-сауық орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен «Абай әлемі» атты концерттік бағдарламамен жалғасты. Бағдарлама барысында Абайдың өлеңдері мен әндері шырқалып, шығармашылығына арналған сахналық қойылымдар сахналанды. Өнерпаздардың орындауындағы көркемсөз кештің мазмұнын байыта түсті.