Аудан әкімі Баскөл ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды

Аудан әкімі  Баскөл ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды

22 қыркүйек күні аудан әкімі Марат Ақтаев Баскөл ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды. Жұмыс сапары барысында аудан басшысы № 368 сайлау учаскесінің сайлауалды дайындығымен танысты. Сондай-ақ ауылдық ветеринарлық пункті мен вакцинация және қан алу жұмыстарының іске асырылу тәртібі қарастырылды. Келесі кезекте аудан әкімі ауыл шаруаларының қысқы кезеңге дайындық барысымен танысып, қысқы азық-түлік дайындауда туындаған мәселелерді талқылады. Көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан Ертіс өзенінің арғы жағасындағы шабындық жерлерді игеріп шөп тасу мәселесі қозғалды. Бұл мақсатта ауыл шаруа қожалықтары бірігіп Ертіс бойында понтонды өткелді орнатуды жоспарлауда. Аудан басшысы арнайы конструкция мен орналастырылатын жерін көріп, өз назарына алды. Сапар барысында аудан әкімі "Ағайын" шаруа қожалығында салынып жатқан сүт фермасының құрылысымен де танысып қайтты.