Мемлекеттік тіл мәселелері жөнінде өткен семинар

Мемлекеттік тіл мәселелері жөнінде өткен семинар

2020 жылғы 23 қыркүйекте Май ауданында «Мемлекеттік тілде іс жүргізудің өзекті мәселелері» тақырыбында іс жүргізушілер мен түрлі сала мамандарына арналған онлайн-семинар өтті.

Аталған шараның пленарлық бөлімінде Павлодар облысында тіл мәселесін қадағалайтын сараптау комиссиясының төрағасы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Б. Сағындықұлы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелеріне байланысты баяндама жасап, семинар тыңдаушыларының қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде сұрақтарына жауап берді. 

Семинардың практикалық бөлімінде «Ана тілі» орталығының директоры, қазақ тілін оқыту бойынша көптеген оқу-әдістемелік құралдарының авторы, облысқа танымал оқытушы Ш.Д. Кинжикова «Аударма ісі және аударма тілі», «Мемлекеттік тілде іс жүргізу», «Қазақ тілін оқыту технологиялары» тақырыптарында дәріс беріп, шеберлік сабақтар жүргізді.

Аталмыш семинарда терминологияға, тіл мәдениетіне, мемлекеттік тілде құжаттарды сауатты ресімдеуге қатысты мәселелер талқыланды.