Май ауданының ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

Май ауданының ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

 

 

2021 жылғы 14 шілдеде Май ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған  Баскөл және Малайсары ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" қаулы қабылданды.
         Сайлау комиссиясының төрағасы Кишкеналина Марина Валиевна Май ауданының ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндама жасады.
         Ол 2021 жылғы 14 шілде сағат 18-дегі жағдай бойынша Май ауданының сайлау комиссиясы Май ауданының Баскөл және Малайсары ауылдық округтері әкімдігіне ұсынылған  8 кандидаттың 8 тіркелгенін хабарлады.
         Тіркелгендер қатарында 6 (75%) ер адам және 2 (25%) әйел адам.

Мамандықтар бойынша: 3 кандадат (37,5%) – заңгер, 3 (37,5%) кандидат – экономист, 2 (25%) кандидат-ауылшаруашылығының маманы.

Үміткерлер арасында: бюджеттік мекеменің 1 қызметкері, 5 мемлекеттік қызметші, 1 Ұлттық  компанияның маманы, 1 жеке кәсіпкер.
         2021 жылғы 14 шілдедегі сағат 18-ден бастап Май ауданының Баскөл және Малайсары ауылдық округтері әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 24 шілде күні сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
         Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ - та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.

 

 

  • Баскөл ауылдық округі

 

Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)

Туған жылы

Лауазымы (кәсібі), жұмыс орны және тұрғылықты жері

Сыздыков Оралбек Даутұлы

1972

Атамекен " КП филиалының директоры, тұрғылықты мекенжайы: Павлодар облысы, Май ауданы, Кентубек ауылы, 40лет Победы  көшесі, 24/1,  Өзің-өзі ұсыну тәртіппен ұсынған

Сальменова Алма Дастанқызы

1963

"Есіл ауданы әкімдігінің Явленка ауылдық округі әкімінің аппараты"КММ заңгері,  тұрғылықты мекенжайы:  Солтүстік Қазақстан Облысы, Есіл ауданы, Явленка селосы , «ADAL»  СП-сы  ұсынған

Калиакпаров Дүйсенбай Болатұлы

1980

"Халықты жұмыспен қамту орталығы"КММ, директор,  тұрғылықты мекенжайы:    Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы,  Камзин көшесі, 4/1, Өзің-өзі ұсыну тәртіппен ұсынған

Оразбаев Ержан Мұхтарұлы

1970

"Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ, бас маман, тұрғылықты мекенжайы: Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, С.Торайғыров көшесі , 21/2, Өзің-өзі ұсыну тәртіппен ұсынған.

 

 

  • Малайсары ауылдық округі

Беккожин Берік Жанатұлы

1975

1 - "NUR OTAN"партиясы Май аудандық филиалы төрағасының орынбасары, тұрғылықты мекенжайы:  Павлодар облысы, Май ауданы, Малайсары ауылы, Арықов көшесі , 6/2, «Nur Otan» партиясы ұсынған

Сергазина Роза Жанаталапқызы

1966

"Ақшиман ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы, тұрғылықты мекенжайы:  Павлодар облысы, Май ауданы, Ақшиман ауылы , Ә. Молдағұлова көшесі 3/1, Өзің-өзі ұсыну тәртіппен ұсынған

Кадиров Әділет Қазболатұлы

1989

"Жұмыскер ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, бас маман, тұрғылықты мекенжайы:  Павлодар облысы, Май ауданы, Жұмыскер ауылы Тұяқбай көшесі, 24, Өзің-өзі ұсыну тәртіппен ұсынған

Нургожин Қуаныш Тегісұлы

1980

·       "KEN DALA ACRO" ШҚ директоры, тұрғылықты мекенжайы: Павлодар облысы, Май ауданы, Малайсары ауылы , Ақсарай көшесі 2, "Ақ жол" ҚДП ұсынған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
15 июля 2021