Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына, Май ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 140/5 «Май ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 311/12 "Май ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 225829 болып тіркелген) сәйкес, Май ауданының Қаратерек ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған сайлауын өткізуге байланысты үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін төмендегі орындар белгіленді:
|
Қаратерек ауылы |
Жамбыл Жабаев көшесіндегі Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Қаратерек ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы; Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Қаратерек жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы |
3 стенд |
|
Хасен Сейтказин ауылы |
Орджоникидзе көшесіндегі № 9/2 тұрғын үйге қарама-қарсы |
1 стенд |