
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 2026 жылы «Жасыл ел» еңбек жасағына 4 жас қатысты. Жастар жазғы еңбек маусымында ауылдың санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысты.
Акция аясында ауыл аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыстар жиналып, аумақтар ретке келтірілді. Саты ауылдық округі әкімдігі ғимаратының айналасы тазартылып, ағаштар мен гүлдер отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, әкімдік аумағындағы қоршаулар мен басқа да нысандар сырланып, әктелді. Жастар қоғамдық орындар мен көшелерді тазалап, ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосты.