МАЙ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ ОҚУ КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

МАЙ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ ОҚУ КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

Май ауданы Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің түлектері жыл сайын «Мектепке тағзым» жасап, оқу үдерісіне қажетті жабдықтарды мектепке сыйға тартуда. Дәстүрге айналған бұл игі шара бірнеше жылдан бері жалғасын тауып келеді.

Бұған дейін, яғни 2023 жылы математика кабинеті ашылған еді. Енді, міне, Малайсары орта мектебі тағы 3 заманауи оқу кабинетімен толықты. Демеушілер, мектеп түлектері, химия, биология және физика кабинеттерін заман талабына сай жабдықтап, оқушылардың сапалы білім алуы үшін ашып отыр. Соңғы үлгідегі жөндеу жұмыстары жасалған оқу кабинеттері жиһаздар, кіріктірілген интерактивті модуль, тач-панельдермен, зертханалық жабдықтар базасымен, мұғалімге қажетті кеңсе техникаларымен жабдықталған.

Сонымен қатар мектеп түлектері мектепке лазерлі ағаш станогын сыйға тартқан. Осы станок арқылы оқушылардың 8 наурыз мерекесіне орай  жасаған алғашқы бұйымдары қонақтарға тарту етілді.