Ағымдағы жылдың 3-7 наурыз күндері Тараз қаласында қол күресінен (қоссайыс) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Павлодар облысы намысын қорғауға елімізден 3 спортшымыз қатысты: Майдан Мәди (18-23 жастағы жастар арасында), Валитов Руслан (40-49 жас арасында), Шаябутдинов Тавис (60-69 жас арасында). Жастарға үлгі тұтар 67 жастағы Тавис ағамыз 70 кг салмақ дәрежесінде тамаша өнер көрсетіп, ақтық кездесуде былтырғы жылдың әлем чемпионатының жеңімпазы мен күміс жүлдегерін жеңіп, 2024 жылдың Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы атанды. Биылғы жылдың Азия мен Әлем біріншілігіне жолдама Май ауданының қоржынында. Команда бапкері Валитов Руслан ағамызға рахмет айтып, алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта өтетін Азия мен Әлем додасында Тавис ағамызға жеңіс пен сәттілік тілейміз! Жеңісті күндеріміз көп болғай!