ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасымен 2022 жылдың қаңтар айында құрылды. Екі жылда еліміздің барлық өңірлерінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру және спорт салаларында 91 млрд. теңге көлемінде 80-нен астам қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды іске асырды. Бұл жобалардың ішінде «Жаздық жолдама» жобасы да ерекше орын алып отыр. Былтыр «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынің қаржылық қолдауымен 19754 оқушы толыққанды жаздық демалысқа қол жеткізіп, жаңа эмоцияларға бөленіп, білімге, тәжірибеге, дамушы ойындар мен саяхаттарға қол жеткізіп, жаңа достарға да ие болды.

Қор Оқу ағарту министрлігі, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен биыл маусым айынан бастап 5-8 сынып 20 мың оқушысын жаздық демалыс лагерьлерге жіберуді жоспарлап қойды. Павлодар облысына 875 жолдама, оның ішінде Май ауданына 45 жолдама тиесілі болды.

Малайсары орта мектебінде өткен шарада Май ауданы әкімінің әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары О. Темірболатова мен «Аманат» партиясы Май аудандық филиалының атқарушы хатшысы С. Солтанов Қаратерек орта мектебіне балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында "QH Жаздық жолдама-2024" қайырымдылық жобасы бойынша 3 жолдама табыстады.