8 - наурыз мерекесі құтты болсын!

8 - наурыз мерекесі құтты болсын!

8 наурыз қарсаңында ауылымыздың ер-азаматтары сыйлаған керемет көңіл-күйден естелік! Ауылдың асыл аналарына, кыз -кызғалдақтарына ақ дастархандарын жайып,бар шын ниеттерімен азаматтықтарын көрсеткендеріне мың алғысымызды білдіріп ,осы өлең жолдарымен жеткізгіміз келеді!
Ауылымыздың азаматтарына мың алғыс!!!


Әйелдер азаматтың бағы мәнді,
Шат сыйлар көңілдерін табу мәңгі.
Мерейлі мерекемен құттықтаймын,
Ақшиманға сән берген аруларды.

Әйелмен әрбір уақыт сәтті дедім,
Сұлулықпен көңілдің таптың емін.
Мәдениет үйіміздің ұжымы мен,
Жеке атымнан жолданар ақ тілегім.

Сырларыңды тоқтамас ізденісім,
Қуанышың шын бақыт біздер үшін.
Ауылдың атқақонар ерлерімен,
Ақ дастархан жайылды Сіздер үшін.

Ақшиман абыройы текті елімнің,
Ару-қыздар өздерің еткен үлгім.
Ақ жүрекпен қызмет жасап жатқан,
Ұстаздары жасасын мектебімнің.

Келген қауым мың алғыс бәріңіз ге,
Арулармен артады сәніміз де.
Сегізінші Наурызбен көңіл жайнап,
Құттықтаумен шырқалды әніміз де.

Әйел-қыздар биікте бағаңыз да,
Дидарың сәуле шашқан санамызда.
Алыстан ат терлетіп жырмен тербеп,
Дамирдей азамат тұр арамызда.

Көңілін тауып қыз бен аруымның,
Басын қостық ағайын-қауымымның.
Шын тілеулес оқушы шәкірттер мен,
Мың алғыс әкіміне ауылымның.

Әрдайым қолдау болған жанымызда,
Теңелген байлығымыз, барымызға.
Мың алғыс Ақшимандық жігіттерге,
Аман-сау жүріңіздер бағымызға!