2024 жылғы 23 ақпанда Өңірлік коммуникациялар қызметі «Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық туралы» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді.
Аталған іс-шараға Павлодар облысы жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасының басшысы Қ.С. Кәрімов, Павлодар облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Ш.Г. Ахметов, Павлодар облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының аға инженері А.С. Сабыржан, Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Б.М. Мұхтар, «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ ПОФ директорының орынбасары А.А. Логвиненко, «Қазгидромет» РМК ПФ бөлімінің бастығы О.Б. Овсянникова қатысты.