2024 жылғы 22 ақпанда БКБ режимінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярдың төрағалығымен 2023 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу қорытындылары туралы мәселелер қаралып, 2024 жылғы кезекті әскерге шақыруға міндеттер қойылды.
Аталған кеңеске облыс әкімінің орынбасары Д.К. Жамбайбек, облыстық жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқарманың басшысы К.С. Кәрімов және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға жауапты мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.