Павлодарда санитарлық тазалық айлығы өттіп жатыр.

Павлодарда санитарлық тазалық айлығы өттіп жатыр.

 2021 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында Павлодарда аумақтарды абаттандыру және тазалау айлығы жарияланды. Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасына Мәшһүр Жүсіп, Ломов, Шөкин көшелері, Назарбаев даңғылы квадратындағы аумақ бекітілген. Жедел жұмыс үшін бұл аумақ айналып өту үшін учаскелерге бөлінген. Осы іс-шара шеңберінде бекітілген аумақты аралау бойынша жұмыс жүргізілді, оның барысында бизнес субъектілерінің иелерімен, пәтер иелерінің басқарушы компанияларының (ПИК) өкілдерімен, жеке үйлердің иелерімен орамішілік аумақтарды және бизнес субъектілеріне іргелес аумақтарды, сондай-ақ жеке үйлердің маңындағы аумақтарды тазалау бойынша жұмыстарды жүргізу қажеттілігі туралы әңгіме жасалды. 2021 жылғы 12 сәуірде қалалық мәслихат депутаты Атабаева Гүлзира Нұржанқызымен бірлесіп шағын бизнес өкілдерімен және ПИК төрағаларымен осы жұмыстарды жүргізу қажеттілігі туралы кездесулер өткізілді. Сондай-ақ, қоқысты жинау және шығару, аумақты қысқа мерзімде тиісті қалыпқа келтіру қажеттілігі туралы хабарламалар берілді.