Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Заңының ережелерін түсіндіру бойынша семинар-кеңес

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Заңының ережелерін түсіндіру бойынша семинар-кеңес

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының өкілі – Аумақтық қорғаныс департаменті бастығының орынбасары Жантасов Жанат Өзенбайұлымен 2026 жылғы 7 тамызда Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Заңының ережелерін түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске Полиция департаментінің өкілдері, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары, Баянауыл, Шарбақты, және Тереңкөл аудандары әкімдіктерінің аппарат басшылары, Кенжекөл, Солнечный, Майқайың, Шідерті, Атамекен кенттерінің әкімдері, сондай-ақ қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жұмылдыру және аумақтық қорғаныс жөніндегі бас мамандары қатысты.