Өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты Сіздерді орман алқаптарында, дала аймақтарында және табиғаттағы демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз

Өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты Сіздерді орман алқаптарында, дала аймақтарында және табиғаттағы демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары!

         Өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты Сіздерді орман алқаптарында, дала аймақтарында және табиғаттағы демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

  • Тыйым салынған жерлерде от жақпаңыз.
  • Сөндірілмеген сіріңке мен темекі тұқылдарын тастамаңыз.
  • Құрғақ шөп пен сабанның өртенуіне жол бермеңіз.
  • Өрттің шығуына себеп болуы мүмкін шыны бөтелкелер мен басқа да қоқыстарды қалдырмаңыз.
  • Балаларды қадағалаңыз және олардың отпен ойнауына жол бермеңіз.

         Тіпті кішкене ұшқын да үлкен өртке, өсімдіктердің жойылуына, жануарлардың өліміне және қоршаған ортаға үлкен зиян келтіруі мүмкін.

         Өрт немесе түтін байқасаңыз, шұғыл қызметтердің телефондарына дереу хабарласыңыз: «101» немесе «112».

         Туған өлкенің табиғатын қорғаңыз! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау-әрқайсымыздың жауапкершілігіміз.