«Өрт-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы

«Өрт-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы

2026 жылғы 28-29 мамыр аралығында "Өрт-2026" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу аясында Павлодар облысының аумағында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Павлодар облысының Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын 2026 жылғы өрт қауіпті кезеңінде төтенше жағдайларды жою әрекеттеріне дайындау бойынша практикалық іс-шаралар өткізілді.

         Оқу-жаттығудың мақсаты табиғи және орман өрттеріне байланысты төтенше жағдайларды оқшаулау және жою кезінде басқару органдарының, азаматтық қорғаныс қызметтерінің және мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жетілдіру болды.

         Оқу-жаттығу барысында күштер мен құралдарды құлақтандыру және жинау, қызметтердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру, шартты орман өртін сөндіру, халықты эвакуациялау, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері пысықталды.

         Оқу-жаттығуды өткізу азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының өрт қауіпті кезеңде төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.