«Өрт-2026» оқу-жаттығу аясында төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы

«Өрт-2026» оқу-жаттығу аясында төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы

2026 жылғы 25 мамырда «Өрт-2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу аясында төтенше жағдайлар, табиғи өрттердің алдын алу және жою мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

         Отырыс барысында Павлодар облысының азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының дайындығы, мүдделі қызметтердің өзара іс-қимылы, сондай-ақ өрт қауіпті кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қою тәртібі мәселелері қаралды. Табиғи өрттер туындаған кезде жедел ақпарат алмасуды және іс-қимылдарды үйлестіруді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.