Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне нарядты орындау және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын жас сарбаздармен толықтыру мәселелері жөніндегі кеңес

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне нарядты орындау және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын жас сарбаздармен толықтыру мәселелері жөніндегі кеңес

Ағымдағы жылдың 19 мамырында Qosyl платформасы арқылы онлайн режимінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен Ұлттық ұланын жас сарбаздармен толықтыру мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

         Кеңес барысында әскерге шақыру науқанын өткізу мәселелері, жинақтау барысында туындайтын проблемалық аспектілер талқыланды, сондай-ақ оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірленді. Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы және жинақтау бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

         Сонымен қатар, кеңес аясында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен Ұлттық ұланын одан әрі жасақтау бойынша міндеттер қойылды, алдағы кезеңге арналған жұмыстың басым бағыттары айқындалды.