Өрт сөндіру пункттерін ашу және қайта жаңарту жөніндегі жоспарларды іске асыру туралы

Өрт сөндіру пункттерін ашу және қайта жаңарту жөніндегі жоспарларды іске асыру туралы

Облыстың жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы онлайн режимінде "Qosyl" платформасы арқылы ауылдық елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құру және жаңарту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кездесу барысында төтенше жағдайлар департаментінің өкілі А.Н. Баяхметов пен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары С.О. Жунуспаеваның баяндамасы тыңдалды, сондай-ақ қалалар мен аудандар әкімдіктерінің 2026 жылға арналған жоспарлары қаралды.